Қазақстандық музыканттың туындысы "Жылдың ең үздік электронды әні" атанды
Қазақстандық музыкант Мадияр Оңалдиннің (Monaldin) "Femme Like U" әніне жасаған ремиксі "Жылдың үздік электронды әні" атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Monaldin мен әнші Эмма Питерспен бірге жасалған ремикс әлемдік музыкалық рейтингтерде озып шығып, биылғы жаздың хитіне айналды.
Өз кезегінде, өнерпаз қолдау білдірген барша тыңдармандарына алғысын жеткізді.
"Femme Like U" бойынша "Жылдың электронды әні" атанды! Қолдауларыңызға рахмет!", - деп жазды музыкант Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұл ремикс Shazam қосымшаларында, жиырма елде бірінші орынға шықса, музыкалық платформаларда миллиондаған адам тыңдаған.
19 жастағы қазақстандық жұмысшының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”