Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті
Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады",-делінген хабарламада.
Осыған дейін қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баратыны хабарланды.
Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.
Сондай-ақ қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанғаны хабарланды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан