Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды
Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Блиц-турнирде қазақстандық Ксения Балабаева чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәл осы бағытта Әмина Қайырбекова күміс жүлдегер атанса, ерлер арасында Арыстан Исанжолов 3-орынды иеленді. Рапид бойынша Ксения Балабаева 2 орынды, Зейнеп Сұлтанбек 3 орынды иеленді.
Ксения Балабаева шахматтан Қазақстандағы жалғыз әлем чемпионы емес. 19 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Ол Гиннестің рекордтар кітабына әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде енді. 2021 жылы осы жарыста жеңіске жеткен кезде 17 жаста еді.
Сонымен қатар, 23 жастағы Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанса, өткен жылы Германия Бундеслигасының жеңімпазы атанды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ