Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкердің арқасында Құран сүрелері ғарыштан трансляцияланбақ

Eurasian Space Ventures компаниясы жүзеге асыратын және I AM PART OF жаһандық қайырымдылық қорының бір бөлігі болып табылатын жоба шеңберінде Құранның аудиожазбасы тікелей ғарыштан дыбысталатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

спутник

Қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов негізін қалаған "I AM PART OF" жаһандық қайырымдылық қоры ғарыштан Құран сүрелерін, соның ішінде бүкіл әлемдегі мұсылмандар мен барлық діндарлар үшін "Сахих әл-Бухари" хадистерінің толық топтамасын тарату үшін ғарыштық технологияларды пайдаланатын "Divine" қоғамдық жобасының іске қосылғаны туралы хабарлады. "Divine" үшін аудио- және мультимедиалық файлдар SpaceX Falcon 9 зымыранының бортынан серіктесі SpaceChain мен миссияның операторы Loft Orbital арасындағы бірлескен пайдалану бағдарламасы аясында ғарышқа жол тартқан YAM-2 жерсерігіне жүктелді. 

Divine жобасы Ислам ілімдері туралы қате түсініктер мен стереотиптерді жою және Қасиетті Құранның жазбаларын әлемнің түрлі тілдерінде зерттеуге мүмкіндік беру үшін қолға алынды.

Ғарыштағы серверлерге ақпаратты орналастыру арқылы Divine Құранның ілімдерін жерсеріктің кең қамту аймағының арқасында ауқымды аудиторияға жеткізе алады.

Орбитада сәтті іске қосылған жағдайда 2021 жылдың қараша айында Құран файлдары ғарыштан Divine жобасы үшін жасалған бірнеше платформаларға таратылатын болады. Олардың ішінде Divine ресми сайты, сонымен қатар Apple App Store және Google Play Store арқылы жүктеуге болатын Divine Live қосымшасы бар.

Пайдаланушылар исламның қасиетті мәтініне, сондай-ақ толық аудио және мәтіндік сипаттамаларға және ілімнің әртүрлі тілдердегі түсіндірмелеріне қол жеткізе алады. Divine платформаларының көмегімен пайдаланушылар Құранның мультимедиалық файлдарын тарататын жерсеріктің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде көре алады.

Сондай-ақ, Құранның мультимедиалық файлдарын ғарыштан бүкіл әлем бойынша Интернетке қолжетімділігі шектеулі ауылдық жерлерде орналасқан арнайы құрлық станцияларында орнатылған қабылдағыштарға тарату жоспарлануда.

"Біздің түпкілікті мақсатымыз - Құран және дін негіздері туралы көбірек білгісі келетін бүкіл әлемдегі адамдарға Ислам туралы сенімді және қолжетімді ақпарат ұсыну. Заманауи ғарыштық технологиялар көмегімен біз бүкіл әлем бойынша адамдарды кеңінен қамту үшін құрлық инфрақұрылымының шектеулеріне қарсы тұрамыз. Divine баршаға бір жерден ислам іліміне бір уақытта қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін технологияны интернеттен әрі асырып, қолжетімділіктің жаңа шекарасын құрады", - деді I AM PART OF қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Divine негізін қалаушы Шухрат Ибрагимов.

Дидар Халық
Бейсенбі, 01 Шілде, 2021 18:48
Талқылау