Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында жеңіске жетіп, элитадағы орнын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы В тобындағы соңғы матчта турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, элитада қалатын команда ретінде орнын сақтап қалды. Қарсылас сапынан Камиль Валега бір шайба соқса, Қазақстан сапынан Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) және Роман Старченко (55) көзге түсті. Чемпионатта 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы элиталық дизивиондағы орнын сақтап қалды. Ал турнир кестесінің ең соңында қалған Польша бұл дивизионмен қоштасты. 

Айта кетейік, Қазақстан командасы Финляндияда өткен әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті. Құрамамыз элиталық дивизионға 2019 жылы оралып, сол элитадағы орнынан әлі айырылған жоқ. 

Талқылау