Қазақстандық ғалымдар әлі күнге латын әліпбиі бойынша ортақ шешімге келе алмаған
Фото: qazaqstan.tv
Қазақстандық ғалымдар мен мамандар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінде әлі күнге ортақ шешімге келе алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің сұрағына берген жауабында айтты.
"Жүйелі жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді, латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы жасалды. Әзірге лингвисттер, тіл мамандары, филологтар мен ғалымдар ортақ пікірге келе қойған жоқ", – дейді министр.
Тоқаев латын әліпбиіне көшу жайлы: “Yrymsyl” сөзі - бұл қазақ тілі ме?
Саясат Нұрбек латын әліпбиіне көшу айтарлықтай қаржылық шығындарды талап ететінін атап өтіп, соңғы шешім қабылдағанда қаржылық мәселелердің ескерілуі қажет екенін айтты.
Еске салсақ, бұған дейін тіл мамандары Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген