Қазақстандық футболшы УЕФА-ның үздік ойыншылары қатарына енді
Қазақстан футбол құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп УЕФА Ұлттар лигасының негізгі көрсеткіштерінің бірі бойынша үздік ойыншылардың қатарына енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Сурет: prosports.kz
22 жастағы Әліп допты кері қайтару саны бойынша топтық кезеңдегі үздік төрт ойыншының қатарына енді. Алты матчта қазақстандық футболшы 44 рет допты кері қайтарған.
Ұлттар лигасының осы көрсеткіш бойынша үздік 6 ойыншысы:
1. Пьер-Эмиль Хейбьерг (Дания) – 51
2. Роберт Иванов (Финляндия) – 47
3-4. Джонни Эванс (Солтүстік Ирландия) – 44
3-4. Нұралы Әліп (Қазақстан) – 44
5. Данилу (Португалия) – 43
6. Давид Зима (Чехия) – 42.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ