Қазақстандық фильм "Оскар" жүлдесіне ұсынылды
Режиссер Эмир Байғазиннің "Өмір" атты фильмі Қазақстанның Оскар комитетінің шешімімен америкалық "Оскар" киноакадемиясының сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кинокартина "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясында бақ сынайтын болады.
Аталмыш туынды ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.
Байғазиннің жаңа картинасының әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивальінің "Заманауи әлемдік кино" секциясында орын алды.
"95-ші рет берілетін Америкалық киноакадемия сыйлығына үміткерлердің тізімі 2023 жылғы 24 қаңтарда жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылғы 12 наурызда өтеді", – делінген хабарламада.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ