Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық файтер Ресейдегі турнирдің басты кездесуінде күш сынамақ

Ресейде тұратын этникалық қазақ, ММА файтері Ильяс Хамзин (10-2) 23 қыркүйекте Екатеринбургте өтетін RCC Intro 23 турнирінің басты жарысына қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Cурет ашық дереккөздерден алынды

Ол жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте бразилиялық Альфредо Соузомен (16-8) кездеседі.

6 мамырда өткен өзінің алдыңғы жекпе-жегінде Хамзин тағы бір бразилиялық Виктор Фигейредоны(12-5) бір минутта нокаутқа түсірген болатын. Ал Соузо 6 наурыздағы соңғы жекпе-жегінде ресейлік Мурад Абдулаевпен күш сынасып (20-6) ұтылған болатын.

Айта кетейік, Ильяс Хамзин бұрынғы UFC чемпионы Питер Янның әріптесі әрі досы –  Архангел Майкл клубының атынан шыққан.


Талқылау