Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогінде жеңімпаз атанды

Отандасымыз Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде қарсыластарынан оза шапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Olympic.kz

Ол  жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды. 

Бұл Кимнің әлем кубогіндегі жекелей  сында алған алғашқы алтын медалі.

Күмісті италиялық Филипо Пелати (198.1749), қоланы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.



Еске салайық, 6 мамырда әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Францияда өткен әлем кубогінде топ жарып, үздіктер қатарынан көрінгенін жаздық. Франция астанасы Парижде әртістік жүзуден әлем кубогінің екінші кезеңі өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан командасы үш медаль жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким топ жарып, техникалық бағдарлама бойынша үздік шықты. Ерлер арасындағы соло жаттығуында Виктор Друзин күміс жүлдені иеленсе, Қазақстан әйелдер құрамасы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.

Талқылау