Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
Фото: ijf.org
Лимада (Перу) жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің екінші жарыс күнінде үш дзюдошымыз ел намысын қорғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Омар Нұрбергенов екінші айналымда алжирлік Абдеслам Белбелхаутқа есе жіберді. Ал қыздардан Дильназ Досберген алғашқы белдесуінде испаниялық спортшыдан айласын асыра алмады. Бұған қоса 70 келіде өнер көрсеткен Көркем Орымбек те жапон елінің өкілі Ёсино Такахасиден ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша отандастарымыз екінші жарыс күнін жүлдесіз аяқтап отыр.
Айта кетейік, алғашқы жарыс күнінде 57 келіде Дана Әбдірова финалға шыққан еді. Алайда Дана ақтық бәсекеде жапон қызына есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты.
Бұл додаға әлемнің 65 елінен 463 жас татами шеберлері өзара мықтыны анықтап жатыр.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"