Қазақстандық дзюдошы Айгерім Абылқадырова Америка жұртын тәнті етіп, Miss Glamour Model атағын жеңіп алды

Айгерім Абылқадырова – 1XBET брендінің амбассадоры, дзюдодан Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы және еліміздің тарихындағы грэпплингтен тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы. Енді ол Америкада да өз есімін алтын әріппен жаздырып, бірден бірнеше ерекше жетістікке жетті.
Спортшы PanaAmerica Miami Open халықаралық дзюдо кубогында жеңімпаз атанып, Brazilian Jiu-Jitsu Championship халықаралық турнирінде екі бірдей дивизионда күресіп, екі алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар ол Miss World International 2025 атты халықаралық сұлулық байқауында финалист болып, Вице-Мисс атағына ие болды және Miss Glamour Model номинациясында жеңіске жетті.
Бұл туралы Айгерім өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Енді оның жоспары – АҚШ-тың Ki-itsu-Sai күрес клубының құрамында халықаралық жарыстарға қатысу. Сонымен қатар, Айгерім америкалық модель агенттігімен келісімшартқа отырып, АҚШ-та белсенді жұмыс істеп, түсірілімдерге қатысуды жоспарлап отыр.
Бұған қоса, ол үлкен теннис турниріне дайындықты жалғастырып жатыр және жыл соңына қарай кортқа шығып, жүлделер үшін бақ сынамақ. Спортшының жаттығу сәттерін @SetantaSportsTennis YouTube арнасынан көруге болады.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді