Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылардың жаңа IBF рейтингіндегі орындары белгілі болды

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңа рейтингі жарияланды. Өзгерістер қазақстандық боксшыларға да әсер етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді.

Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 13-ші орыннан 14-ші орынға түсті. 

1xbet

Естеріңізге сала кетейік, 29 жастағы Нұрсұлтанов рингке қазан айының басында аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен жекпе-жекке шығып, ұпай бойынша жеңген болатын. 

26 жастағы Заурбек сәуір айында басқа аргентиналық Николас Бонеллиді нокаутқа жіберген еді. 

Талқылау