Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогерді тікелей эфир кезінде полиция ұстап әкетті

Оралда жергілікті блогер және белсенді Аслан Сағутдинов көшеге шыққан кезде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

блогер

Сағутдиновті ұстау кезінде ол Facebook-тегі парақшасында тікелей эфирді жүргізген. Видеодан оның үйінің жанында "Нива" маркалы азаматтық көлік тұрғанын, ал активисттің жанында штаттық киім мен бетперде киген екі полиция қызметкері тұрғанын көруге болады.

Аслан Сағутдиновтің айтуынша, оған полицейлер үйден дүкенге бара жатқан кезде келген. Шағын жанжалдан кейін блогердің телефонын алып қойды, содан кейін тікелеі эфир үзілді.

 "Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, блогер журналистерге хабарласып үлгерген, "Көмектесіңдер, өлтіреді" деп айқайлаған, содан кейін телефон сөніп қалған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде активисті ұстау себебін түсіндірді.
"Оны Абай аудандық полиция бөліміне жеткізді, себебі журналист Дана Дүйсекенованы қорлағаны үшін әкімшілік іс қозғалып жатыр. Ол шақыру бойынша келмегені үшін осылайша жеткізілді. Жеткізу кезінде ол полиция көлігіндегі терезені сындырды", - деді БҚО ІІД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр