Қазақстандық блогер адамдар азаптаған итбалықтардың "кегін алды"
Қазақстандық блогер Юрий Толочко жануарларға қатысты қатігездікке қарсы ерекше акция өткізді. Ол итбалық костюмін киіп, Нұр-Сұлтан тұрғындарын таяқшаға ұқсайтын ойыншықпен "ұрып-соғып", оларға "Бұл сендерге итбалықтардан" деп айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін мен жануарларға қатысты қатігездікке қарсы "Жаса" акциясына шығамын. Осыдан гуманизм басталады. Бұл менің нақты пікірім. Алдымен біреу жануарды ренжітеді, содан кейін адамға да бірнәрсе істеуі мүмкін. Каспийде итбалықтарды таяқпен ұрған айуандық жағдай естеріңізде шығар. Сондықтан мен бүгін итбалық боламын. Мен де таяқпен ұрамын. Тек адамдар", - деді Юрий Толочко.
"Бәрі не туралы айтып жатқанымды түсінді. Жастар өте адекватты реакция көрсетті. Ересек әйелдер де өте жақсы қарады. Бірақ ересек ер адамдар аздап алаңдаушылық білдіріп, сабырлы болды. Көпшілік акция үшін алғыс айтты", - деді блогер.
Бұған дейін Ақтаудағы жағажайдағы итбалықтарды таяқпен ұрған демалушылар жануарға қатігездік көрсеткені үшін жауапқа тартылатыны хабарланған болатын.
Кейін Маңғыстауда тағы бір итбалық демалушылардың құрбаны болды: оны сурет үшін таяқпен ұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев итбалықтарды ұрғандардың әрекетін жабайылыққа балады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
