Қазақстандық балуандар Будапешттегі турнирге қатысады
Фото: ҚКФ
2025 жылдың 17–20 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында Поляк Имре мен Варга Яношты еске алуға арналған күрестен рейтингілік турнир өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасы еркін, әйелдер және грек-рим күресі бойынша 50-ден астам балуанын аттандырды. Турнир Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындықтағы маңызды бәсекелердің бірі саналады.
Еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандар:
-
57 кг – Әділет Әлмұхаммедов, Абзал Өкенов
-
61 кг – Әділ Оспанов, Асылхан Есенгелді
-
65 кг – Шерхан Әбіл, Нұрсұлтан Садық
-
70 кг – Егор Анчугин, Мейіржан Әшіров
-
74 кг – Әлібек Әбдіқасымов, Елдос Қуанышбай
-
79 кг – Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев
-
86 кг – Нұржан Исағалиев
-
92 кг – Арыстан Қарабек
-
97 кг – Нұрдәулет Бекенов, Бекзат Үркімбай
-
125 кг – Нұрсұлтан Азов
Әйелдер күресі бойынша қатысушылар:
-
50 кг – Светлана Анкичева
-
53 кг – Зейнеп Баянова
-
57 кг – Нилуфар Раимова
-
62 кг – Тыныш Дүбек
-
68 кг – Ирина Казюлина
-
72 кг – Жәмиля Бақбергенова
-
76 кг – Эльмира Сыздықова
Грек-рим күресі балуандары:
-
55 кг – Алпамыс Дастанбек, Марлан Мұқашев
-
60 кг – Ғалым Қабдунасов, Айдос Сұлтанғали
-
63 кг – Еркебұлан Ардақов, Ержет Жарлықасын
-
67 кг – Сұлтан Әсетұлы, Дамир Ибрашов, Дін-Мұхаммед Қошқар
-
72 кг – Данияр Қаленов, Мерей Мәулітқанов
-
77 кг – Елдос Камелов, Талас Әшірханов
-
82 кг – Диас Қален, Шамиль Ожаев, Әлмир Төлебаев
-
87 кг – Нұрсұлтан Тұрсынов, Ислам Евлоев
-
97 кг – Юсуф Мацииев
-
130 кг – Асылбек Абдықалық, Әлімхан Сыздықов

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
