Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат Санкт-Петербургте тыңшылық үшін 16 жылға сотталды

Артур Мартынов 16 жылға сотталды

Фото: Санкт-Петербург қаласының прокуратурасының ресми Telegram-арнасы

Санкт-Петербургте 1-Батыс округтік әскери соты 28 жастағы Қазақстан азаматы Артур Мартыновқа үкім шығарды. Ол тыңшылық, диверсия, лаңкестікке жәрдемдесу баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Медиазона" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Іс жабық режимде қаралып, бір айдың ішінде аяқталған. Мартыновқа тыңшылық, диверсия жасауға дайындық, теракт жасау үшін оқудан өту, және лаңкестікке көмектесу баптары бойынша айып тағылған.

Тергеу нұсқасы бойынша:

  1. 2023 жылы Мартынов мессенджер арқылы нұсқау алып, қашықтан диверсиялық оқудан өткен;
  2. Жұмысқа орналасу сылтауымен Ресейге келген;
  3. Ақша үшін украин барлауына Санкт-Петербургтегі мұнай өңдеу зауытының координаттарын берген;
  4. Сондай-ақ ол ұялы байланыс мұнараларын, электр таратқыш қалқанын және қуат беру кабелін өртеген;
  5. Трансформаторды істен шығару әрекеті сәтсіз аяқталған.

Mash телеграм-арнасының мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде, тергеу аяқталып, іс прокуратураға берілгеннен кейін, Мартынов өзіне қол жұмсамақ болған. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген.



Ол 16 жыл жазаның алғашқы 4 жылын түрмеде, қалғанын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске салсақ, Санкт-Петербургте қазақстандық теракт жасамақ болды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 16:04
Талқылау