Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел АҚШ-та жылдың үздік моделі атанды

Қазақстандық Кристина Менисов АҚШ-та өткен байқауда әлеуметтік желідегі жылдың үздік моделі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде жылдың үздік моделі атағы үшін бес қатысушы сайысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен алматылық модель Кристина Менисов ұлттық деңгейдегі марапат – National Social Media Awards сыйлығына ие болды.

"Осы жолы мен үшін дауыс бергендерді және қандай іс-шараға қатыссам да, әрқашан маған қолдау көрсететін жандардың әрқайсысын бағалаймын. 2017 жылы бір жасар баламмен Лос-Анджелеске кәсіби модельдік қызметке баруыма себепкер болған өздеріңіз. Мен осы таңғажайып платформаның құрылғанына және көпшілігіңіздің менің барлық ісімді қолдағандарыңыз үшін өте ризамын", – деп жазды модель желлідегі парақшасында.

Кристина 2022 жылы АҚШ-та өткен Miss Universe World International байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Қазақстандық модель Chopard, Cartier, Michael Costello, Balmain, Yves Saint Laurent сияқты әлемдік брендтермен жұмыс істеп те үлгерді. Ол Vogue, Mexico, Elle, Glamour, Harper's Bazaar журналдарының мұқабаларына шықты.

Талқылау