Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ата-аналар мектеп мен балабақша өкілдері халық санағынан өтуді талап етіп жатқанын айтып шағымдануда

Қазақстандық мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары мұғалімдер мен тәрбиешілер халық санағынан өтуді талап етуде екенін айтып, наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде таралуда.

Ата-аналардың айтуынша, мұғалімдер сауалнама сұрақтарына тез-тез жауап беріп, хабарландырудың нөмірін айтуы тиіс. Мұғалімдер өз кезегінде бұл бұйрық екенін айтқан.

Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) мұндай ақпараттың таралуына қатысты түсініктеме берді.

“БҒМ бұйрығында мұндай талаптар жоқ”, – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Бюро тарапынан мұндай талаптар жоқ екенін атап өтті.

“Біз өз тарапымыздан мұндай талап қоймаймыз”, –  деп мәлімдеді ведомствода.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда халық санағы басталды. Ол 15 қазанға дейін онлайн өтеді. 1-30 қазан аралығында санақ офлайн өтеді.


Қазақстандықтар емхананы еркін таңдау құқығына ие болды 


 

Назерке Мұса
Сәрсенбі, 15 Қыркүйек, 2021 14:13
Талқылау