Қазақстандық әнші "Новая волна — 2025" байқауында топ жарды
Фото: https://www.instagram.com/lim_0n/
"Новая волна – 2025" музыкалық байқауында қазақстандық өнерпаз Alex Lim топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әділқазылар төрағасы Игорь Крутой байқау нәтижелерін қорытындылап, қазақстандық әншінің жеңіске жеткенін хабарлайды.
Alex Lim байқау барысында бірнеше стильде ән орындап, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Нәтижесінде ол жоғары ұпай жинап, байқаудың жеңімпазы атанды. Александр Лим 33 жаста, Алматыда тұрады.
Айта кетейік, "Новая волна" сайысы – ТМД аумағындағы ең ірі әрі ықпалды музыкалық байқаулардың бірі. Ол жас таланттарға халықаралық сахнаға жол ашады.
Биыл байқау Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас орындаушылар қатысты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген