AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Африкада ауыз су құдығын ашуға көмектесті

Ақтау қаласының тумасы Жәнібек Жарасұлы Африкада құдық салуға миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Стамбулда оқуын жалғастырып жүрген ол балаларды қолдау туралы мәліметтерді көріп, көмектесуге бекінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап. 

"Мен бірде  "Африка медресесінің балаларына қолдау көрсету" бағдарламасын көріп қалдым.  Қазір ойласам,  бұл қадамға мені аяушылық сезімі итермелегендей”, – дейді Жәнібек Жарасұлы.

Ұйымдастыру жұмысының басым бөлігін аты-жөнін атамауды өтінген қыз атқарған. Жнақ туралы халық әлеуметтік желілерден білген. Олар 10 күнде 1 111 111 теңге қаражатты жинап үлгерген. 

Камерундағы ауызашарға 620 ауыл баласы жиналып, олар үшін ең маңыздысы болған керемет ауыз суы бар құдықтың ашылуына қатысты. 

"Шындығында қаражат жинау мәселесі бізді қатты алаңдатты. Мақсатымызды орындай аламыз ба деген ойлар үлкен толқуға әкелді. Дегенмен жақсылықтың нәсілге, ұлтқа бөлінбейтінін дәлелдей алдық. Балалар қуанған видеорепортаждарды көріп қатты толқыдым. Олар қарапайым сумен отырып тамақтанғандарына қуанады. Бұл кішкентай балалар біздің қанағаттануды ұмытып, бақытты болуды білмей жататынымызды көрсетті. Және қандай қиндық болса да білімге ұмтылу керек екенін білдірді", – деді Жарасұлы.

Ол сонымен қатар жақындары мен достарына қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр