Қазақстандағы ЖЭС құрылысы қашан бітеді: Министр айтып берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облыстарында жылу электр станциялары құрылысының барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Министр Көкшетаудағы жылу электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесі соңғы сатыда деп сендірді.
"Жобалауды бастадық. Оның үстіне, алғашқы кезеңде аймақты дайындау және тазалау жұмыстарын қолға алдық. Қазір қосалқы инфрақұрылымды салу ісіне кірістік. Көктемде Семей мен Өскемен бойынша техникалық-экономикалық негіздеме дайындауды жоспарлап отырмыз”, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Әкімдіктерден ЖЭС пен электр энергиясын бақылау міндеті алынып тасталмақ
Энергетика министрі құрылыс құнының Қазақстан үшін шешуші фактор екенін атап өтіп, осы себепті келіссөздердің барынша қатаң жүргізілетінін мәлімдеді.
"Самұрық-Энергоға бұл жобаларда ел намысын қорғайтын компания ретінде тиісті тапсырмалар берілді. Біздің негізгі сценарийіміз – Ресей үкіметінің субсидиялары қарастырылған несие алуы. Қазіргі келіссөздер осы несие көлеміне қатысты жүргізіліп жатыр. Қаржыландыру көздеріміз шектеулі болғанымен, біз экономикалық қауіпсіздікті ескере отырып, бұл станциялардың уақытында салынуын қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдаймыз", – деп сендірді Сәтқалиев.
Еске салсақ, осыған дейін Алмасадам Сәтқалиев елдегі алғашқы АЭС-тің құрылыс мерзімі қысқаруы мүмкін екенін айтты.