Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті өңірлер белгілі болды
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Жер сілкінісінің қатері бар аймақтар қатарына Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі кірген. Яғни, Алматы қаласынан бөлек Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу мен Алматы облыстары жерасты дүмпулері болуы мүмкін өңірлер ретінде танылған.
Ал бір ай бұрын ғана 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелген Қарағанды мен дүмпу болған Қостанай облыстары қауіпті аймақтар тізімінде жоқ.
Жер сілкінісінен кейін Есік тұрғындарына әуе дабылы мен радиациялық қауіп туралы ескерту келді
"Әр тұрғын өзіне жауапкершілікпен қарап, сақтану шараларын білуі қажет. Мысалы, Алматы қаласының өзінде сейсмикалық жаттығулар өтеді. Сондай жаттығуларға бейжай қарамай, жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін біліп жүруге тиіс. Өзінің тұратын жеріне жақын қауіпсіз орындарды белгілеп, жер сілкінісі бола қалған жағдайда сол орындарды паналаған жөн”, – дейді орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы Жансая Досымбекова.
Еске салсақ, осыған дейін Алматылықтарды 6 қарашада жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат қорқытқан.