Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

“Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейі сыртқы қысымның әсерінен төмендеген”: Министрлік ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Фото: reuters.com 

Энергетика министрлігі Қазақстандағы мұнай өндіру деңгейі сыртқы қысымның әсерінен төмендеді деген БАҚ-тағы ақпараттарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды. 

"Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздегі мұнай өндіру деңгейін түзету сыртқы қысымның нәтижесінен болғаны туралы жарияланған ақпараттарға түсініктеме беруді қажет деп санайды. Министрлік мұндай мәлімдемелерді қатаң түрде жоққа шығарады", – делінген хабарламада. 

Министрлік Қазақстанның ОПЕК+ келісіміне сәйкес әрекет ететінін және әлемдік энергетикалық нарықтың тұрақтылығына өз үлесін қосу мақсатында барлық қабылданған міндеттемелерді орындауды жалғастыратынын атап өтті.

Айте кетейік, Bloomberg басылымы ОПЕК+ ұйымының негізгі елдері келесі айда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы келісімге келгені туралы ақпарат таратқан еді. Бұл шешімді Сауд Арабиясы Қазақстан мен Ирак секілді өндіру квотасын тұрақты түрде асырып жүрген елдерді жазалау мақсатында қабылданғаны айтылған. 

Энергетика министрлігі Қазақстан мұнай өндіру көлемін азайтуды жоспарламайтынын, бұл туралы ОПЕК+ серіктестеріне бірнеше рет хабарланғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін де әлемдік БАҚ-та Ресей ОПЕК-тегі келіспеушіліктер аясында Қазақстан мұнайының тасымалын шектегені туралы ақпарат тараған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 07 Мамыр, 2025 11:39
Талқылау