Қазақстандағы колледждер енді бір студентке екі есе көбірек ақша алады
Фото: Istock.com
Үкімет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа стандарттарын бекітті. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
1 қыркүйектен бастап бір студентке орташа жан басына шаққандағы қаржыландыру 437 мыңнан 912 мың теңгеге дейін өседі.
Қаржыландыру екі бөліктен тұрады – негізгі және ынталандыру. Ынталандыру қаржысы белгілі бір көрсеткіштер мен жетістіктерге қол жеткізген колледждерге беріледі.
Астанада колледж студенттері "тарақанмен бірге" киінуге мәжбүр болған
Жаңа жүйе түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, колледждерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндіктер туғызатыны айтылды.
Сондай-ақ оқу-өндірістік цехтарда өндірілген өнімді өткізу механизмін енгізу жоспарланып жатыр. Түскен кіріс колледждердің өзін дамытуға жұмсалады.
Еске салсақ, енді Қазақстандағы колледждерде АЭС мамандарын оқытатыны айтылды.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
