Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең қымбат және ең арзан жезөкшелер қайда екені анықталды

Қазақстанның ең қымбат және ең арзан жезөкшелері қайда тұрады? Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының зерттеушілері Қазақстандағы секс-қызмет көрсету нарығына алғаш рет талдау жасады, деп хабарлайды KTK.

Сарапшылар осы сала қызметкерлерінің сауалнамаларын еліміздің әр өңірінде жүргізіп, әйелдер мен ерлерді қатар зерттеді.

Анықталғандай жеңіл жүрістілердің ең көп шоғырланған жері Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларында екен. Орта жас көрсеткіші-25 жас. Жезөкшелікпен жиі азиаттар айналысады. Олардың үштен бірі-метистер. Секс-бизнесте еуропалықтар cирек. Ал әйелдер бұл істе ер адамдар қарағанда көбірек табады.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек ең қымбат жезөкшелер Павлодарда, одан кейін Алматы облысы тұр. Ал ер адамдардың қызметі Елордада ерекше бағаланса, ең арзан ерлер қызметі – Ақмола облысында тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, әйелдердің бағасы тікелей оның түр- сымбатына байланысты. Клиенттер cұңғақ бойлы, тал шыбықтай арық, жас қыздар үшін ақшасын аямайды. Ерлер қызметінің бағасы мүшесінің көлеміне қарай бағаланады. Массаж, стриптиз және сүйісулер сынды қызметтер үшін де қосымша ақы төленеді.

Балабақша тәрбиешісі жезөкше болып жүр: Шымкент тұрғындары жезөкшелердің даусынан ұйықтай алмайтындарын айтып шағымданды >>>
Талқылау