Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы екі облыста коронавирус өршіп тұр

Коронавирусты таратпау бойынша ВАК-да Қазақстандағы "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақтарға қандай өңірлер кіргені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Ақмола, Қостанай облыстары орналасқан.

Ал Нұр-Cұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары "сары аймаққа" кірді.

Қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Қаңтар, 2021 10:11
Талқылау