Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы екі комитетте жаңа тағайындаулар болды

Ерлан Дәкенов пен Мейрамбек АхметовФото: Ерлан Дәкенов пен Мейрамбек Ахметов

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі екі комитетке жаңа төрағалар тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы болып Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы болып Мейрамбек Маратұлы Ахметов тағайындалды.

Ерлан Ерғазыұлы 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды экономикалық университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті тәмамдаған.

2000-2008 жылдары – "Ақтоғай көлік компаниясы" ЖШС-де менеджер, заңгер.

2008-2012 жылдары – Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты "Тәуелсіздік сарайы" МКҚК-да режиссер, продюсер, баспасөз хатшысы, кадр бөлімінің маманы.

2012-2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрінің директоры.

2016-2019 жылдары – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымы директорының орынбасары.

2019-2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры қызметін атқарған.

Ал Мейрамбек Маратұлы 1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

2005 жылы еңбек жолын ТЖМ қарасты "Центр ВТТИСА" РМК-да бас маман ретінде бастады. 2005-2007 жылдары ТЖМ-нің құқықтық қамтамасыз ету басқармасында, 2007-2009 жылдары Қаржы министрлігінде заңгер ретінде қызмет атқарды. 2009-2013 жылдары Есеп комитетінде заң бөлімінде түрлі лауазымдарда болды. 2013-2016 жылдары Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, 2016-2023 жылдары Есеп комитетінің заң департаментінің директоры болды. 

2023-2024 жылдары жоғары аудиторлық палатада заң департаментінің директоры әрі аппарат басшысы қызметін атқарды. 2024 жылдың маусымынан бастап тағайындалғанға дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС-нің департамент директоры.


"Қазақстан темір жолына" жаңа басшы тағайындалды


Ұлттық қауіпсіздік қызметі жаңа бөлімінің басшысы тағайындалды


Еске салайық, бұған дейін Арман Асқарұлы Исетов Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанын жаздық. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолында сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Кейіннен БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары, Таиланд Корольдігіндегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2025 жылғы 5 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 18:09
Талқылау