Қазақстандағы босқындар өтініш хат арқылы уақытша тұруға мүмкіндік алады
Қазақстанда босқындарға үш ай мерзімге ел аумағында емін-еркін жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Енді пана іздеп келгендер мен олардың жанұялары өтініш хат арқылы уақытша тұруға мүмкіндік алады. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қоса, Ішкі істер министрлігінің "Босқындар туралы" заңнамаға енгізген өзгертулерінде, Қазақстанда адам саудасының құрбаны болып танылғандарға ел аумағында жарты жылға қалуға рұқсат беру көзделіп отыр.
Бірақ бұл өзгертулер мен толықтырулар әлі күшіне енген жоқ. Екінші тамызға дейін ашық үкімет порталында талқыланады.
Еске салсақ, бұған дейін Украина босқындарына тегін пәтері мен пана ұсынған қазақстандықтар сынға қалған еді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады