Қазақстандағы бассейндерден ауру жұқтыратын құрттар табылып жатыр: Одан қалай сақтану керек?

Нұр-Сұлтан бассейндердің суынан қауіпті құрттар табылды. Мамандар бассейн суынан түрлі ауру адамдарға жұғатынын айтып дабыл қақты.

Қазақстандағы бассейндерден ауру жұқтыратын құрттар табылып жатыр: Одан қалай сақтану керек?

Нұр-Сұлтанда 20 бассейннің 5-уі ғана тексерілді. Суда қауіпті паразиттер бары анықталды. Бассейн суындағы қауіпті заттардан сақтану үшін не істеу керек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Елордадағы бассейндердің бірінде құрт табылды. Өзге бассейннің су құрамындағы хлор шамадан 3 есем көп болып шықты. Ал, одан сақтану үшін не істеу керек?

"Құрттардан асқазан ауруы, бөсір ауруы тарайды. Мұндай құрттар су құрамында болмауы керек. Аура жұқса, ол ұзақ емделеді. Жарты жылдан бір жылға дейін емелу керек болады. Әсіресе, балаларға көп тарайды. Одан баланы емдеу өте қиын", - деді қалалық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабылов.

Гигиеналық талаптарды бұзған кәсіпкерлер 230 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Ол 580 мың теңге.

Бұған дейін бассейн сулары ай сайын тексерілсе, қазір шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында бассейн суы жылына бір рет қана тексерілетін болған. Сондықтан құрт жұқтырып алмас үшін жұрт ережелерді қатаң сақтау керек. 

"Ережелері қарапайым, өзіңмен бірге бас киім мен аяқ киім болу керек. Сүлгі мен сусабының болу керек. Басейн алдында, бассейннен кейін душқа түсу керек", - дейді суға шомылушы тұрғын. 

Бассейнге түсер алдында денені сабындап ысқышпен жуу керек. Су құрамындағы хлор косметикалық заттармен әректтесіп, денегі зиянды заттар түзеді. 

Бассейнге абонемент алар алдында әкімшісінен судың соңғы рет тексерілген нәтижесін сұраңыз. Талапқа сай кәсіпкерлер микробиологиялық анализді ай сайын жасап тұру керек. Егер бір айдан асып кетсе, одан қауіптену керек. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр