Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы Америка елшілігі алғыс айту күнін бауырсақпен атап өтті

Америкалық дипломаттар қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, дастарханға бауырсақ пен Алматының апортын қойып тойлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

әйел

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері қазақ тілінде құттықтап бейнежазба жариялады. 

"Әр елдің мәдениеті мен дәстүрінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Мысалы, алғыс айту қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Алғыс айту күні - қарашаның төртінші бейсенбісінде АҚШ-та тарихи және дәстүрлі мереке. Америкалық дипломаттардың Қазақстанда бұл мерекені қалай атап өтетінін білейік", - деді ақпарат мәселелері жөніндегі аға көмекші Тоғжан Мұқатаева.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер әр жылы америкалықтар отбасымен Алғыс айту күнін тойлау үшін дастархан басына жиналатынын айтты. 

"Жыл сайын американдықтар отбасымен және достарымен бір-біріне тілектері үшін алғыс айту үшін дастархан басына жиналады. Биылғы жаһандық пандемияға байланысты, көптеген отбасылар мерекелерді бірге тойлай алмайды. Әрине, әр отбасының өз тағамдары мен дәстүрлері бар, бірақ ортақ ұқсастықтарды да байқайсыз. Мен сіздермен, қазақстандық достарыммен, Алғыс айту күні мерекесінің дәстүрлі тағамдарымен және дәстүрлерімен бөліскім келді", - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.



"Көптеген американдық дипломаттар биыл Америка Құрама Штаттарындағы жақындарынан алыс жерде Алғыс айту күнін өткізуге мәжбүр. Бірақ біз дәстүрлі американдық Алғыс айту дастархан мәзірін өзгертудің жолын таба аламыз. Биылғы жылы қазақ бауырсақтары мен Алматы апорттары дастарханның сәніне айналатынына қуаныштымын", - деп бөлісті бас консул Эрик Майер.

"Алғыс айту күні келсе, үйімізді әсемдейтін кез келді деген сөз. Енді үйді қазақ қолөнерімен безендіруге болады", - деді мәдениет жөніндегі атташе Эмбер Ора.

"Биыл біз Алғыс айту күнін ерекше атап өтеміз. Қазақ тілін үйреніп алған соң, біз қазақ тіліндегі достарымызға алғыс айтып, оларға қазақ тілінде ашық хаттар жазғымыз келеді", - деді елшіліктің қызметкері Брайан.

"Ковид дағдарысы кезінде біз достарымызбен және отбасыларымызбен бірге бола алмайтын болсақта, бізді ортақ тілегіміз бен ниетіміз байланыстырады", - дейді елшілік қызметкері Рафаэль.

"Бұл күні американдықтар бір-біріне деген мейірімділігі, тілектері, жылуы мен баталары үшін бүкіл әлемге алғыс білдіреді. Өзгелерге Алғыс айту кез келген адамды рухани байытады. Сіздерге алғыс айтамыз", - деп түйіндеді Мұқатаева.

 

 

Талқылау