Қазақстанда жыныс ауыстыруға тыйым салу мәселесі көтерілді
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, елде жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: parlam.kz
Депутат өз сөзінде 2024 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда отбасылық құндылықтарды дамыту мәселесін көтергенін айтады.
“Еліміздің терең тарихын, ата-бабадан қалған мәдени және дәстүрлі құндылықтарды ескере отырып, жынысын өзгерту бізге тән бе деген сұрақ туындайды. “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” заңға сәйкес 21 жасқа толған, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар, еңбекке қабілетті адам жынысын ауыстыра алады. Бірақ бұл психикалық және әрекетінде ауытқуы бар адамдарға қатысты емес. Бірақ “жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар” деген ұғымның өзі бұл адамда бір нәрсенің дұрыс емесін көрсетеді. Бұл азаматтарда физикалық аномалияның жоғына қарағанда ауытқушылық психикада немесе әрекетінде деп топшылауға болады. Сәйкесінше психикалық немесе әрекетінде ауытқуы бар адамның сау ағзасына гормоналдық және хирургиялық араласуды ақтауға болмайды”, – дейді Магеррамов.
Депутат үкіметке бірқатар сауал қойды:
- Жынысты ауыстыру бойынша қанша ота жасалды?
- Неге әрекеттегң/психикадағы ауытқу хирургиялық жолмен емделеді?
- Қанша адам жынысын ауыстыруға өтініш білдірді?
- Бұл манипуляция “Зияның тимесін” медициналық принципіне қайшы емес пе?
“Қазақстан халық партиясы жынысты ауыстыруға рұқсат беруге қатысты заң нормасы өзгермейінше бұл манипуляцияға тыйым салуды талап етеді”, – деп түйіндеді мәжілісмен.