Елімізде жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу ұсынылды
Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысы өтті. Отырыс барысында заңгер Бақытжан Базарбек жерді сату жөніндегі мораторийді тағы бірнеше жылға соза тұруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу керек. Өйткені халық жердің сатылуына дайын емес, қоғамда әртүрлі әңгіме тарап жатыр. Одан бөлек бізде ауыл шаруашылық жерімен байланысты өзекті мәселелер бар. Мысалы шартты жер үлесі, оны пай жерлері дейді. Қаншама мыңдаған шартты жер үлесімен байланысты жерлер жеке қолға кетеді,-дейді ол.
Заңгердің жер иелерінің реестрін құруды ұсынды.
"Екі ортада банкпен, ЖШС иелерімен де соттасуға да тура келеді. Оған Қызылордадағы жағдай куә, облыстық әкімдіктің жанында қаншама адам қазір дауласып жүр. Кербұлақ ауданындағы «Бостан» кәсіпорнының жағдайы да тура сондай. Сондықтан шартты жер үлесі иелерінің реестрін құрып, оларды есепке алу керек. Одан бөлек банкке қойылған барлық шартты жер үлесімен байланысты барлық жерлерді тексеріп, есепке алу қажет. Сондай-ақ жердің құнын тексеріп, қайта қарау керек. Оның барлығына уақыт керек,-деді заңгер.
Бақытжан Базарбек бүгінгі отырыс алдында халықпен сөйлескенін жеткізді. Оның сөзінше, жерді жеке меншікке беруге халық әзірше дайын емес екенін айтты.
Еске салсақ, Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерін сатуға арналған мораторий 5 жылға ұзартылды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
