Қазақстанда жеке куәлік 2026 жылдан бастап тегін беріледі

Фото: Stan.kz
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аслан Аталықовтың айтуынша, мемлекеттік баж жеке куәлікті алғаш алу кезінде де, сондай-ақ құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған соң жоспарлы түрде ауыстырғанда да алынбайды. Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасы құжат рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар құжаттарды рәсімдеу үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсуіне байланысты өзгереді. Осыған орай паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері және кейбір тіркеу қызметтері қымбаттайды.
Атап айтқанда:
- 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорттың құны 17 300 теңге (4 АЕК) болады, бұл 2025 жылғы 15 728 теңгемен салыстырғанда қымбат;
- 36 беттен тұратын стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК);
- 48 беттен тұратын паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК);
- жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).
Сонымен қатар туу туралы куәлік алғаш рет берілген кезде тегін күйінде қалады, ал оның көшірмесін алу үшін 0,5 АЕК, яғни 2 163 теңге төлеу қажет болады.
- 2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт мен жеке куәлік жасату қымбаттайды
- Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңа АЕК мөлшері бекітілді
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының тұрғыны 1978 жылдан бері КСРО төлқұжатымен өмір сүргенін жазған едік. Ол көші-қон қызметі қызметкерлеріне өз мәселесін шешу кезінде көрсеткен ілтипаты мен жедел жұмысы үшін алғыс білдірді. Осылайша, 1974 жылғы үлгідегі кеңестік паспортын жаңартып, Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігіне ие болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған