Қазақстанда зейнетақы қорын білім саласына пайдалану ұсынылды
Экономикалық мәселелер бойынша ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков зейнетақы жинақтарын жоғары білім алу үшін пайдалануға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жоғары білім алу үшін ел азаматтарына жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкіндігін қарастырсаңыз", - деді Қашқынбеков.
Қазіргі уақытта зейнетақы ақшасын тұрғын үй мен денсаулық сақтау мақсатында пайдалану қарастырылғанын атап өтті.
1 қыркүйекте Қазақстан президенті халыққа жолдауында зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе оны қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалану туралы шешім қабылдағаны туралы айтқан.
2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу үшін "жеткіліктілік шегі" маңызды болып табылады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады