Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алуына жаңа шектеулер енгізіледі

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы заңды тұлғалар үшін қолма-қол ақша алуға шектеу енгізіліп жатыр.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Келесі жылдан бастап екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) мемлекеттік кірістер органдарына заңды тұлғаларға белгіленген шектен асатын соманы беруге тыйым салуды немесе рұқсат беруді негіздеуге міндетті.

Ұлттық банктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі жарлығымен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақша алу лимиттері анықталды. Сомалардың мөлшерлері:

Заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі болса - 20 млн теңге;
Заңды тұлға орта кәсіпкерлік субъектісі болса - 120 млн теңге;
Заңды тұлға ірі кәсіпкерлік субъектісі болса - 150 млн теңге.

Мұндай норма Ұлттық банктің, қаржы министрлігінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісінде де қарастырылған.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексіне енгізілген түзетулер салық заңнамасын жоғарыда аталған нормативті актілерде көрсетілген. 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі нормалар толықтырылатындығын ескеру қажет. Сонымен қатар салық төлеушілер екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу кезінде осыны ескеруі керек», - деп хабарлады департамент.

Талқылау