"Қазақстанда заң онсыз да қатал": Депутат Талғардағы жасөспірімнің өліміне бола заңды қатаңдатудың қажеті жоғын айтты
Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, сенат депутаты Марат Қожаев айуандықпен өлтірілгенін Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты заңды қатаңдатудың қажеті жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: elements.envato.com
Марат Қожаевтың айтуынша, Қазақстанның заңы онсыз да қатал.
“Бір айтарым, біздің заң онсыз да қатал. Меніңше, қоғамдағы қатыгездік немесе зорлық-зомбылық мәселесін жай ғана заңды қатаңдатумен шешудің еш нәтижесі болмайды. Шындығында, бұл әлеуметтік мәселелердің тұтас жиынтығы. Тәрбиеден, білімнен бастап, адамның өскен ортасына дейін”, – дейді депутат.
Ол мұндайда заңы Қазақстаннан да қатаң елдерді мысалға келтірді.
“Заңдары бізден де қатал елдер бар. Өздеріңіз білесіздер, көршілес жатқан Қытай Халық Республикасында белгілі бір қылмыс істеген адамды алаңда атып тастайды. Бірақ соған қарамастан қылмыстар болып жатыр”, – дейді сенатор.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.