Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұстаздар, студенттер мен оқушылар коронавирус жұқтырып жатқан жоқ - министрлік

Қазақстандық студенттер, ұстаздар мен оқушылар қашықтан оқытудың арқасында коронавирусқа шалдықпады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, жұмыстағы адамдардың 70 пайызы қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшкен болатын. Оқытудың өзі де 100 пайыз – түгелдей қашықтан жүргізуге ауыстырылғанын білесіздер. Әйтсе де қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне көшпеген ұжымдардың ішінде коронавирусты жұқтырғандардың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Осы ретте бір жарқын мысалды келтіре кетейін: білім жүйесінде, мектептер, университеттер мен колледждер толығымен қашықтан оқытуға көшіп кеткеннен кейін біз оқушылар, студенттер мен мұғалімдер арасында вирус жұқтырғандар мүлде тіркелмей жатқанын көріп отырмыз", - деді комитет басшысы.

Сөзінше, қазіргі таңда коронавирус жұқтырған қызметкерлер көбіне сақтық шараларын ескермей отырған көрінеді.

"Осыған байланысты өткен аптадан бастап белсенді түрде жергілікті жерлерде рейд шараларын жүргізе бастадық. Аймақтардағы штабтардың бәріне де осындай тапсырма берілді. Жедел штабтар бақылау комитетінің, полиция өкілдерімен бірге шығып, мейрамханалар мен дәмханаларды тексереді. Өткен аптада 10 мыңға тарта нысан тексеріліп, 1 мыңға тарта ереже бұзушылық анықталды. Осы тексерістің нәтижесі бойынша жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар да бар. Кейбір кәсіпорындарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыс жалғасын табады", - деп қосты Сұлтанғазиев. 

Еске салайық, бұған дейін маска тақпаған алматылықтарға айыппұл салынатыны жайлы айтылған еді. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр