Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ҰБТ басталды

Қазақстанда 2021 жылдың алғашқы ұлттық біріңғай тестілеуі басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді.

Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп, карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.

"ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер, шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер", - дейді министрлік. 



Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҰБТ өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталатын болады.

Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етіліп, аудиториялардағы адамдардың саны 50%-ға қысқартылды.

 

Талқылау