Миллиардер оқудан қуылған баласын армияға жіберді
Ресейлік танымал миллиардер Алексей Мордашов оқудан қуылған ұлын әскерге жіберді. Жазда ұлы Никита Мордашов ЭЖМ-ден шығарылды, онда ол бір жыл оқыған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік миллиардер Алексей Мордашовтың ұлы Никита әскерге кетті. Әкесінің мұндай қадамға баруына ұлының оқығысы келмегені себеп болған.
Ал Мордашовтың өзі отбасына қатысты бұл жағдай туралы ашылып ештеңе айтқысы келмеген.
Жазда Никита Мордашовты жоғары экономика мектебінен шығарып жіберген. Ол әлемдік экономика және әлемдік саясат факультетінде "ЭЖМ ҒЗУ және Лондон университетінің" Халықаралық қатынастар" екі диплом бағдарламасы" бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыды. Ол 2019 жылдың жазында ақылы бөліміне қабылданған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн