Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үнемшіл тұтынушыларға газға жеңілдік беріледі

Қазақстандағы газ бағасы pixabay.comФото: pixabay.com

2024 жылдың қарашасынан бастап Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында қолға алынған газға ваучер беру жобасы енді бүкіл елге таратылады. Бұл жоба атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтарға арналған. Егер отбасы газды белгіленген нормадан асырмай пайдаланса, 24%-ға дейін жеңілдік беріледі. Жоба алғашқы жарияланған күннен бастап іске қосылып, 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл бастама аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға газ тұтыну ваучерлері беріледі. Егер тұтынушылар өңір бойынша белгіленген тұтыну нормасынан аспаса, оларға 24%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Бұйрық жобасы Энергетика, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктері арасында келісілген.

Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 1 сәуірдегі үкімет отырысында "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, жобаны ел көлемінде кеңейту тапсырмасын берген. Құжаттың қабылдануы ешқандай теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді деп көрсетілген.
•    Батыс Қазақстан облысы айына 833 текше метр
•    Шымкент – 631 текше метр тұтынады.

Вице-министр Әлібек Жамауовтың айтуынша, жоба халықты газды ұқыпты пайдалануға ынталандырады. Пилоттық кезеңде адамдар тәртіпке үйреніп, уақытында төлем жасап, тұтынуды бақылауға алған. 2025 жылғы сәуір соңында қорытынды жасалып, жаздан бастап жоба республикалық деңгейде іске асырылады.

Энергетика министрлігі газ тұтыну нормаларын бекіту ережелерін әзірлейді. Әкімдіктер бұл нормаларды өңірлер бойынша бекітеді. Ұлттық экономика министрлігі осы нормалар шегінде газ бағасын, ал энергетика министрлігі нормадан тыс тұтыну үшін бағаларды бекітетін болады. Нормадан артық тұтыну үшін көтеріңкі коэффициент қолданылады (мысалы, 1.2, яғни 20% қымбат).

2025-2027 жылдар аралығында ішкі нарықтағы газ бағасы жыл сайын 33%-ға өсіп, үш жылда екі есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл QazaqGaz ұлттық компаниясын IPO-ға шығаруға дайындау аясында жүргізілмек.


Оралда автогаз тапшылығы туындап, жүргізушілер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр


"Нан, сүт, жарма секілді тауарлар қымбаттайды": Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы 16% мөлшерде қалады


Еске салайық, былтыр Қазақстанда газды белгіленген нормадан артық пайдаланатындар үшін баға 1,5 есе қымбаттайтынын жаздық. Жаңа заң жобасы ірі тұтынушыларға арттыру коэффициентін енгізуді, газ есептегіштерін жаңартуды және тұрмыстық пен өнеркәсіптік тұтынушыларды нақты бөлуді көздейді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 16:05
Талқылау