Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді шетелге шығуға тыйым салынған-салынбағанын телефонмен тексере алады

Қазақстандықтар шетелге шығуға тыйым салынғанын енді мобильді қосымша арқылы тексере алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел әрі тиімді әдісті әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың республикалық палатасымен бірлесіп әзірлеген. Жаңа қосымшаның атауы АІЖО ААЖ, яғни атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі деп аталады. Оны ұялы телефонға App Store және GooglePlay арқылы жүктеуге болады.

Ол жерден отандастарымыз борышкерлердің бірыңғай тізімін қарап, қарызын онлайн төлей алады. Сондай-ақ шектеудің бар-жоғын біліп, сот орындаушысының бұйрығымен танысуға да мүмкіндік бар.

Егер жарты сағат ішінде қарызды толық өтесе, шекара асуға және мемлекеттік сатып алуға қатысты барлық шектеулер алынады.

Талқылау