AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тойдың өтетінін алдын ала хабарлаған адамға сыйақы тағайындалмақ

Қазақстанда қатаң шектеулер енгізіліп жатса да, той тыйылар емес. Тіпті жұлдыздардың қатысуымен де мерекелік шаралар жиі ұйымдастырылатын болған. Айыппұл салынса да оңай төлеп, еркін жүретіндер көп. Енді тұрғындар ондай кештің өтетінін алдын ала хабарласа, сыйақы берілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші Қуандық Рахым тойда өнер көрсеткен сәтін бірнеше уақыт өткен соң бөлісіп отырмын деп жариялайды. Ал сол тойдағы жас жұбайлар нақты датасын көрсетіп бөліскен. Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторингтік топтар заң бұзушылықты көбіне осылай анықтайтынын айтады. Енді жауаптылар денсаулық сақтау министрлігіне арнайы ұсыныс жолдамақ екен.

“Пандемия кезінде мерекелік шараларды ұйымдастыратындар азаймай тұр. Тіпті ондай жерлерде әншілердің де жүретінін көрдік. Оларға заң бойынша айыппұл салынып жатыр. Біз қазір той мен адам көп жиналатын шаралар туралы хабарлаған адамға сыйақы беру мәселесін де қарастырып жатырмыз”, – деді Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов.

Карантин талаптарын сақтамағандар туралы хабарлаймын дейтіндер экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласса болады. Сонымен қатар колл орталық та жұмыс істейді екен. Еліміздің кез келген тұрғыны жергілікті әкімдік сайтынан мониторингтік топтың нөмірін таба алады. 

“Тұрғындар бізге хабарлап, қай жерде мерекелік іс- шаралар өтеді соны айтып отырса, біз жедел түрде мониторингтік топ сонда барады”, – деді Алматы қаласы мониторингтік топ мүшесі Ертай Әлімов.

Бұл мәселе бойынша тұрғындардың пікірін білген едік. Азаматтардың ойы екіге бөлінді.

Үкімет коронавирустың таралмауы үшін түрлі шаралар енгізіп, қатаң шектеулер қабылдап жатыр. Тіпті санитарлық талаптарды сақтауға шақыратын бейнероликтер де көптеп таратылуда. Жалпы үкімет бұл бағытта қолдан келгенше жұмыс жүргізіп-ақ жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр