AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техбайқаудан өтпеген көліктер "Сергек" камерасы арқылы анықталатын болады

Қазақстандық көліктер үшін техникалық байқаудан өту міндетті болып қала бермек. Сонымен қатар техникалық байқау мерзімі өтіп кеткен көліктер "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы автоматты түрде анықталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Айқын Қоңыров автобус, жүк және такси жүргізушілерін есепке алмағанда, жеке тұлғаларға техникалық байқау мен әкімшілік жазаны алып тастауды ұсынды.

Ол еліміздегі техникалық байқау формальдылыққа айналғанын және азаматтар үшін қажетсіз шығындарға әкеліп соқтыратынын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратынын және көлік иесі мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың көлік қауіпсіздігіне ерекше әсер етпейтінін айтты.

Бұған жауап ретінде премьер-министр Әлихан Смайылов міндетті техникалық байқаудан өту заңда қарастырылғанын еске салды.

Ағымдағы жылы техникалық байқау саласында келесі іс-шараларды аяқтау жоспарлануда:

Техникалық байқау операторларының әкімшілік жауапкершілігін күшейту:

- көлік құралынсыз техникалық байқау жүргізгені үшін (тізілімнен алып тастай отырып, 300 АЕК-ке дейін (833 400 теңге) айыппұл салу және 3 жылға дейін қызметке тыйым салу);

- Техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін "Техосмотр" АЖО операторына қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу (150 теңгеге дейін (416 700 теңге) айыппұл);

- Жалған техникалық байқаудан өткені үшін АТС иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу (5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл).

Бұл түзетулер биылғы жылы қабылдануы жоспарланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, техникалық байқау операторларының қызметін ашу тәртібі қатайтылады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ техникалық байқаудан өту мерзімі өткен көліктерді анықтау үшін Ішкі істер министрлігімен және "Сергек" компаниясымен бірлесіп, техникалық байқаудың бар-жоғын автоматтандырылған тексеру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр”, – дейді премьер-министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр