Қазақстанда сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салынды
Осы жылдың 7 қазанда "Сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" ҚР энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін осындай бұйрық 2017 жылы үш жылдық мерзімге енгізілген болатын. Мәселен, 2017 жылы экспорттық және ішкі бағалар арасындағы айырмашылық едәуір жоғары болған кезде ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін СМГ-ні бөлудің қолданыстағы тетігінде өтінімдерді қалыптастыру және орындау кезінде, сондай-ақ ҚР ішкі нарығында СМГ-ні бөлу кезінде газ желісі ұйымдары тарапынан теріс пайдалану фактілері пайда болады.
Жекелеген газ желісі ұйымдары ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған арзандатылған СМГ-ні Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз әкетуді жүзеге асырды. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге газ желісі ұйымдарының заңсыз әкетуі автомобильмен жүзеге асырылады, өйткені бұл іс жүзінде бақыланбайтын
көлік түрі.
- Тоқаев билікке келгелі қазақстандықтардың өмірі расымен жақсарды ма?
- Қазақстан Ұлттық қорының активтері азайды
- Мамин экономиканы қалпына келтіру бойынша артта қалған өңірлерді атады
2017 жылы жоғарыда аталған тыйым салу туралы бұйрық қабылданғаннан кейін ішкі нарықта СМГ-ні жеткізу бойынша жағдай тұрақталды, сондай-ақ ҚР-ның шекара және кеден қызметтерінен автомобиль көлігімен сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге әрекет жасау фактілері туралы мәліметтер түскен жоқ.
Осылайша, осы бұйрықтың қабылдануы сұйытылған мұнай газын елімізден тыс жерлерге заңсыз әкетуге жол бермеуге және ішкі бекітілген бағалар мен экспорттық бағалардың едәуір айырмашылығына байланысты ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының тапшылығына жол бермеуге бағытталады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
