Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды. Сондай-ақ елде газ тапшылығы болуы мүмкін. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, кейбір аймақтарға газ Ақтөбе облысындағы зауыттан жеткізілуде.

"Осыған байланысты, өнімдерді алдын-ала төлеу және Қазақстан бойынша жеткізу мәселелеріне байланысты кейбір өңірлерде сұйытылған газды жеткізуде уақытша үзілістер жоспарланған болатын. Қазір, өздеріңіз білетіндей, Атырау мұнай өңдеу зауыты толық қуаттылыққа шығуда. Қазірдің өзінде каталитикалық риформинг қондырғыларының бірінші кезеңі, каталитикалық крекинг іске қосылды",- деді Сәтқалиев.

Министр атап өткендей, елімізде мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалады. Сәтқалиев автокөлік иелеріне көліктерін қайта жабдықтауды әзірге тоқтата тұруын сұрады. Өйткені қазір ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газы өз құнынан төмен жеткізіліп жатыр. 

"Қазіргі таңда сұйытылған мұнай газы ішкі нарыққа өзіндік құнынан төмен жеткізілуде, сондықтан өндірушілердің бұл газды жеткізуге ынтасы жоқ. Сұйытылған мұнай газы "біздің ірі мұнай-химиялық жобаларымызға шикізат ретінде пайдаланылатын болады. Өздеріңіз білетіндей, біз полипропилен жобаларын бастадық, ол жобалық қуатына жетіп жатыр", – деді министр.

Алмасадам Сатқалиев жақын арада баға болжамын беруге уәде берді.

"Біз бағаның болжамын ұсынатын шығармыз, соның нәтижесінде нарыққа қатысушылардың шығынын болдырмау үшін сұйытылған газ құнынының бірден шарықтап кетуіне жол бермей, ең болмағанда өзіндік құн деңгейіне жеткіземіз”, -деді ол. 

Қазір Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы 50-80 теңге аралығында. Бұл ретте оның құны 110 теңгеден кем емес.

"Бірақ біз бұл бағаны бірден белгілеуді жоспарлап отырған жоқпыз, яғни ол бірте-бірте көтеріледі.Сонымен қатар, зауытты қажетті жаңғыртуға қатысты мәселелер, өздеріңіз білетіндей, "ҚазМұнайГаз" айтарлықтай ауқымды инвестиция салып жатыр, атап айтқанда, ҚазГӨЗ жаңа құрал-жабдықтар салуда. Бұл өнімнің соңғы бағасына да әсер етеді", – деп қосты Сатқалиев.

 

Талқылау