Қазақстанда шілдеде несие мөлшерлемесі рекордтық деңгейге жетті
Шілдеде жеке тұлғаларға берілетін бір айға дейінгі несиелер бойынша мөлшерлеме 2024 жылдың басынан бері рекордтық жоғары деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банктің соңғы статистикасына сәйкес, шілденің соңында екінші деңгейлі банктер берген бір айға дейінгі "жылдам" несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 37%-ға жетті. Бұл – 2024 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Жеке тұлғалар үшін банктік несиенің орташа мөлшерлемесі шілдеде 20,3%-ға тең болды. Маусыммен салыстырғанда ол 1,7% өсті. Өткен айда ең төменгі пайыздық мөлшерлемелер (18,4%) үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге теңгедегі несиелер бойынша болды.
Шетел валютасындағы несиелердің орташа сыйақы мөлшерлемесі де өсіп, 4,5%-ға жетті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан