Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат беру ережелері өзгерді

Қазақстанда жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға сәйкес айқындалатын кәсіптер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат келесі мерзімге беріледі:

  •  бірінші санат үшін - рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен, жұмыс берушінің өтініші негізінде бір, екі немесе үш жылға;
  •  екінші және үшінші санаттар үшін - 12 айға, 12 ай мерзімге ұзартумен, бірақ үш еседен артық емес;
  • төртінші санат үшін - ұзарту құқығынсыз 12 айға;
  • маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін - ұзарту құқығынсыз күнтізбелік 90, 180, 270, 365 күнге дейін.

Бұл ретте шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда ұзартылмайды:

  • бөлінген квота мөлшерінен асып кетсе;
  • жұмыс берушінің Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы;
  • төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау;
  • жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісін анықтау.  Мұндай жағдайларда рұқсаттар осындай факті анықталған күннен бастап 12 ай ішінде ұзартылмайды.

Бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 11:50
Талқылау