Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сайлауға түсіп жатқан партиялар кезекті үгіт-насихат жұмыстарын қалай өткізді

19 наурызда елімізде парламент мәжілісі мен мәслихаттығының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде парламент мәжілісі мен мәслихатының кезектен тыс сайлауына түсетін барлық кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың насихат науқаны қалай өтіп жатқанын назарларыңызға ұсынады.

"AMANAT" партиясы

Аманат 5

"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті.

Штаб мүшелері партияның білім беру саласындағы басымдықтарын педагогтармен ашық пікірталас барысында талқылады. "AMANAT" Төрағасы Ерлан Қошанов білім беру саласындағы елеулі жетістіктерге қарамастан, қазақстандықтар партиялық қабылдау бөлмелеріне әлі де шағым арқалап келетінін атап өткен.

"Елімізде әлеуметтік инфрақұрылым тапшы екені жасырын емес.  Азаматтарды мектеп оқушылары мен мұғалімдердің жүктемесі, білім беру сапасындағы олқылықтар толғандырады. Шынайы сапалы білім еліміздің әр тұрғынына қолжетімді болуы тиіс. Теңсіздік пен аймақтық диспропорциядан арылуымыз керек. Осы мақсатта алдағы бес жылда біз кемінде 1,2 миллион ыңғайлы оқушы орнын құрамыз. Сондай-ақ, 300 мың жаңа орыннан тұратын мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтамасыз етеміз. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өтеді", – деген Ерлан Қошанов.

"AMANAT" партиясы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге уәде береді. Атап айтқанда, Қызылорда өңірінде 26 білім беру нысаны салынып, 4 мектепке жапсарлар қосымша нысан тұрғызылады және 17 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 13 күн ішінде аманаттықтар 1 520 000 қазақстандық қатысқан, 15 100 іс-шара өткізді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 11500-ден астам ұсыныс-пікірі келіп түскен.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

Ауыл партия 4

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев пен аталған партиядан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Д. Кəпұлы, А. Данченко, А. Зейнуллин, І. Досхожаев Маңғыстау облысы аудандарының тұрғындарымен кездесті.

"Ауыл" партиясының делегациясы алдымен Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылына барып, осында орналасқан "KAZAKHOSETTER" ЖШС ұжымымен кездескен.

"Балық шаруашылығы – ел экономикасына, шағын және орта бизнесті дамытуға, халық тұрмысын жақсартуға ықпал ететін әлеуеті зор сала.  Балық өсіру, өңдеу және тасымалдау, балық өнімдерін экспорттау және импорттау еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне де айтарлықтай әсер етеді. Соңғы жылдары балық шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету арқасында бірқатар шешілмеген мәселе барлығына қарамастан балық шаруашылығымен айналысатын нысандар саны көбейді және балық өсіру көлемі де ұлғайды. Біз, яғни "Ауыл"партиясы, өз тарапымыздан мәселелерді шешу үшін бар күш-жігерімізді саламыз", - деді балық фермасы ұжымының алдында сөз алған Әли Бектаев.   

Сондай-ақ, "Ауыл" партиясының төрағасы балық шаруашылығы саласын дамытатын мамандардың жоқтыған да сөз еткен.

"Respublica" партиясы

Республика партия 4

Оралда партия мүшелері "Қазақ халқының даңқты қыздары" монументіне гүл шоқтарын қойды. Еске салайық, бұл мүсіндерде Ұлы Отан соғысының батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова бейнеленген.

Орал халқымен өткен кездесуіміз қазақ эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен жалғасқан. Басқосуға 2500 қазақстандық қатысқан.

Қазақстан Халық партиясы

автошеру

Тараз қаласында партия мүшелерінің ұйымдастыруымен автошеру ұйымдастырылды. Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында автошеру өткізген. Онда автокөліктерге ҚХП символикасы мен тулары ілінді.

Негізгі мақсат – Халық партиясының Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды қолдау, тұрғындарды 19 наурызда болатын сайлауға шақыру.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

Байтак партия 5"Байтақ" партиясының белсенділері Талдықорған қаласындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымымен кездесті 

Мәжіліс депутаттығына үміткер Айнұр Сәбитовамен кездесуде сайлаушылар "BAYTAQ" жасылдар партиясының тың бастамаларына қолдау білдірді.

"Сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері өте нәтижелі және жылы шырайда өтті. Кітапхана жүйесінің қызметкерлері бізді толғандыратын сұрақтар қойды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар шетін мәселелерді биік мінберде көтеруді сұрады. "Baytaq" жасылдар партиясы еліміздегі адами капиталды және кітапханаларда жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауда үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты біз кітапхана қоры бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, түйіні  тарқамаған түйткілдерді жоғары деңгейде қозғайтын боламыз. Қорыта келе, қызметкерлердің көпшілігі жасылдар партиясының сайлаудағы айқын бағыт-бағдарына, алдағы ұстанымы мен іс жоспарына қолдау білдірді", - деді Сәбитова.

Талдықорғандықтардың айтуынша, елдің тұрақты дамуы мен адами капиталды дамыту тақырыбы көптің көкейіне қонады.  

Мәжіліс депутаттығына кандидат: "Кітапхана жүйесінің ұжымы өте білімді және интеллектуалды екенін атап айтуымыз керек. Олар "сайлауға міндетті түрде қатысамыз және бағыт-бағдары айқын "Байтақ" партиясын қолдаймыз" деп отыр. Біз қызметкерлермен өткен кездесуде ұжым құрамынан жас қыз-жігіттерді көргенімізге қуандық, сосын олармен жеке кездесу өткіздік. Жас мамандардың дені сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасайтынын айтты" деп сөзін қорытты.

"Ақ жол" партиясы

Ак жол партия 2

Азат Перуашев бастаған "Ақ жол" демпартиясының Республикалық штабы "Тараз КожОбувь" ЖШС-нің былғары өндірісі мен аяқ киім цехтарының жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. 

Демпартия лидері кәсіпорын мен еңбек ұжымын қолдайтынын айтып, парламентте "Ақ жол" фракциясы құрылғаннан кейін бұл мәселелерді үкімет алдында көтеруге дайын екенін мәлімдеді.

Сол күні "Ақ жол" демпартиясы республикалық штабының мүшелері Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті. Партияның саяси бағдарламасы таныстырылғаннан кейін еркін пікіралмасу өрбіп, партия төрағасы жиналған қауымның сауалдарына жауап берді, соның ішінде бағдаршам орнату мен көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініштер айтылды. Бұл мәселелермен "Ақжолдың" қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттары айналысуға уәде берді.

Республикалық штаб мүшелері сайлаушылардың сөздері мен ұсыныстарын назарға алып, 19 наурызда "Ақ жол" демпартиясын қолдау үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП 4

ЖСДП-дан ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұрым Нұрлыбековтың бастауымен Алматы облысы аудандары бойынша "Үгіт-насихат пойызы" іске қосылды.

Іс-шара аясында Нұрым Нұрлыбеков Арна ауылына соғып, жергілікті тұрғындармен кездескен.

Партия өкілдері 4 наурызда 11:00-де Алматыдағы Махатма Ганди атындағы саябақта "Сейсмологиялық қауіпсіздік және құрылыс мәселелері" тақырыбында митинг өтетінін мәлімдеді.

Талқылау