Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәжілісмендерге терроризммен күресуге бағытталған шаралардың жоспарын таныстырды. Басты шарттардың бірі – террористерді табыс көзінен айыру. Мұны орындау үшін әкім салафиттерді тендерге қатыстырмауды ұсынды.

0джджджджд

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев терроризммен қарқынды түрде күресуді ұсынды. Осы орайда, салафиттерді табыс көзінен айырып, мектептер мен басқа мекемелерде тұтас оранып жүруге тыйым салмақ.

«Осы ағымдарды кімдердің қаржыландырып отырғандарын табуымыз керек. Олар пәтер, үй сату, такси жүргізу арқылы ақша тауып отырған болуы мүмкін. Мұнда белгілі бір кәсіпкерліктің бар екені анық. ҰҚК мұнай мен газды сатуда қандай заңсыз әрекеттердің жүзеге асырылатынын жақсы біледі», – дейді Бердібек Сапарбаев.

Экстремизмге қарсы шаралар Ақтөбе қаласында талқыланды. Аталған қала кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Былтыр Қасиетті Рамазан айының басында 5 маусым күні бірінші ресми теракті болған еді. Салафизм өкілдері қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, 7 адамды өлтірді. Мұнымен қатар, 30 адам ауыр жарақат алды.

Аталған аймақта діни сеніміне байланысты ата-аналар балаларына екпе жасатудан бас тартады екен. Дәлірек, 2 536 балаға осы күнде екпе салынбаған.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

“Бек Эйр” Астана әуежайынан шығарылмаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

Нью-Йоркте такси жүргізушісі бір топ адамды қасақана қағып кеткен

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Талқылау